Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды

Куриные яйца, яйцо, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 10:39 Фото: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 12 қарашадағы бұйрығымен Қазақстан аумағына тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа піскен тауық жұмыртқасын Қазақстанға көліктің барлық түрімен, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелуге екі айға тыйым салынады.

Алайда шектеу мынадай жағдайларға қолданылмайды:

  • жаңа піскен тауық жұмыртқасын Қазақстан аумағы арқылы транзитпен тасымалдауға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан екіншісіне Қазақстан арқылы жеткізуге;
  • бұйрық күшіне енгенге дейін экспорттаушы елде экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған және Қазақстан аумағына кедендік рәсімдерге сәйкес әкелінетін жаңа піскен тауық жұмыртқасына;
  • Қазақстан аумағына келгенін растайтын тауарға ілеспе жүкқұжат ұсынылған жағдайда, бұйрық күшіне енгенге дейін елге нақты әкелінген жаңа піскен тауық жұмыртқасына.

Бұйрық 2026 жылғы 13 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: