Қазақстанда халықтың ақшалай табысын есептеу тәсілдері өзгермек

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 10:47 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлттық статистика бюросы халықтың атаулы ақшалай табысын есептеу және бағалау әдістемесіне өзгерістер енгізуді ұсынды. Тиісті бұйрық жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаға сәйкес, әдістемені қолданатын мемлекеттік органның атауы жаңартылып, терминдер заң техникасы талаптарына сай біріздендіріледі. Сондай-ақ халықтың атаулы ақшалай табысын бағалау тәсілдерін ұлттық шоттар жүйесінің деректерін ескере отырып жетілдіру көзделген.

Есептеуге пайдаланылатын ақпарат көздерін де кеңейту жоспарланып отыр. Ол үшін Отбасының цифрлық картасындағы жинақталған әкімшілік деректер мен екінші деңгейдегі банктердің балама деректерін пайдалану ұсынылады. Алайда бұл мәліметтер толық әрі тұрақты жаңартылып отыруға және әдіснамалық тұрғыдан өзара салыстыруға келуге тиіс.

Бұдан бөлек, ел және өңірлер бойынша халықтың атаулы ақшалай табысын макроэкономикалық деңгейде есептеу мен бағалаудың кезең-кезеңімен жүргізілу тәртібі нақтыланады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, құжаттың қабылдануы халықтың ақшалай табысын тоқсандық және жылдық негізде бағалаудың сапасы мен дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған. Қоғамдық талқылау 30 қарашаға дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: