Financial Times хабарлағандай, Абрамовичке компания акцияларының 23%-ы тиесілі, қалғаны Evraz тау-кен металлургия компаниясы бойынша серіктестері Александр Абрамов пен Александр Фроловтың еншісінде.
Басылым оны пайдаланылған көліктермен айналысатын неміс кәсіпкері Хакан Коч пен телекоммуникация саласында тәжірибесі бар оның іскери серіктесі Пиррос Куссиос сатып алғалы жатқанын нақтылайды. Кочқа акциялардың 90% бұйырады.
Мәміле аясында қазіргі Truphone иелері компанияға 10 миллион фунт стерлингтен астам қаражат инвестициялап, қарыздарын өтеуге міндеттеме алады.
Сондай-ақ, егер компанияның құны өсіп жатса, олар Truphone-ға салынған қаражаттың үштен бірін ала алады.
Келісім маусым айында жасалады деп жоспарланған.