Елордада "Аруана" үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздары марапатталды

Сурет: akorda.kz
Бүгін, 7 наурызда Ақордада Мемлекет басшысының қатысуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиын соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Аруана" үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл марапат әртүрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобалармен айналысып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген іскер әйелдерге 10 номинация бойынша табысталды.

Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген "Аруана" үздік әйелдер жобасы байқауы жеңімпаздарының тізімі:

1. "Агробизнес саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Ақшалова Айгүл Сағымбекқызы;

2. "Үздік IT жоба" номинациясы бойынша – Ақшолақова Фарида Амантайқызы;

3. "Креативті индустрия саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Салихова Сәуле Халелқызы;

4. "Жаңа медиа саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Нұрғалиева Әсем Болатжанқызы;

5. "Әйелдер мен балалар құқығын қорғау саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Бәсенова Несібелі Зариванқызы;

6. "Инклюзивті даму саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Әлімжанова Арайлым Мағашқызы;

7. "Ғылым және инновация саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Деркач Марина Владимировна;

8. "Әйелдер мен балалардың белсенді құқық қорғаушысы" номинациясы бойынша – Ракишева Ләззат Бекмұханбетқызы;

9. "Кәсіпорынның үздік әйел-басшысы" номинациясы бойынша – Төлеева Фатима Набидуллақызы;

10. "Әйелдер құқықтарын қорғау саласындағы үздік үкіметтік емес ұйым" номинациясы бойынша – Рыль Ольга Владимировна.


Сурет: akorda.kz


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі