Ақпарат министрі Бас мүфтимен кездесті

Сурет: Facebook/ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әңгіме барысында тараптар қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы іс-қимыл бойынша сындарлы пікір алмасты.

Сондай-ақ, ақпарат таратудың түрлі арналарын, атап айтқанда БАҚ, әлеуметтік желі, мессенджерлер, кітаптар және т.б. құралдарды пайдалана отырып, Мүфтияттың ағарту жұмысының сапасын жаһандық трендтерге сәйкес жаңа деңгейге көтеру туралы да сөз болды.

Министр қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде мұсылман қауымға үндеу жасап, жұртты бірлікке, бейбітшілікті сақтауға шақырған азаматтық ұстанымы үшін Бас мүфтиге зор алғыс білдірді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал ете отырып, ұдайы халқымызды рухани құндылықтар төңірегіне топтасуға үндеп келеді. Ақпарат министрі Асқар Умаров

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар министрлік пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасындағы тығыз ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті