Құрбан шалудың орнына садақа беруге бола ма

Сурет: pixabay
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары Құрбан айт кезінде құрбан шалмай-ақ, садақа берудің үкімін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ханафи мәзһабы бойынша құрбан айт күндері құрбан шалу бай, муқим (жолаушы болмаған), азат мұсылманға – уәжіп.

Сондықтан біздің мәзһабта құрбан айт күндері құрбандықты бауыздамай, ақшасын садақа ете салу дұрыс емес. Өйткені, шариғат бойынша құрбандық малын бауыздап, қан ағызу – міндет. Алайда сатып алған құрбандығын айт күндері шала алмаса, оны тірідей садақа етеді. Ал егер құрбандықты сойып қойса, оның барлық етін мұқтаждарға таратады, өзі одан ештеңе жемейді. Өйткені уақыты өтумен құрбандық міндеті садақа міндетіне ауысады. Егер құрбандықты әлі сатып алмаған болса, құрбандық құны мөлшерінде садақа етеді, – делінген ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің хабарламасында.

Демек құрбандық шалуға міндетті болған адам белгілі малды бауыздап қан шығаруға тиіс.

Бай деп құрбан айт күні өзінің және отбасының негізгі қажеттелігінен артық мал-дүниесі зекет нисабына жеткен (85 грамм алтыны, 40 қойы, 30 қарамалы немесе 5 түйесі бар) адамды айтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі