Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Медео, Медеу, высокогорное урочище, горы, высокогорный спортивный комплекс, осень в горах, первый снег, туман, заморозки, похолодание , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2026 09:16 Фото: Zakon.kz
Алдағы күндері Астана мен Алматыда түнгі үсік жүріп, тұман түсуі мүмкін. Ал Шымкентте түнде де жылы ауа температурасы сақталады. Еліміздің үш мегаполисінде де жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 27, 28 және 29 қазанға арналған ауа райы болжамында мәлімдеді.

Астанадағы ауа райы болжамы

  • 27 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы – 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы -1-ден -3°С-қа дейін төмендейді, күндіз +8...+10°С болады.
  • 28 қазан: көшпелібұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3-8 м/с. Түнде -1...-3°С, күндіз +8...+10°С.
  • 29 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы – 5-10 м/с. Түнде -1...-3°С, күндіз +6...+8°С.

Алматыдағы ауа райы болжамы

  • 27 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3-8 м/с. Түнде -1...-3°С-қа дейін үсік жүреді, күндіз +11...+13°С болады.
  • 28-29 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3-8 м/с. Түнде 0...+2°С, күндіз +12...+14°С.

Шымкенттегі ауа райы болжамы

  • 27 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 8-13 м/с. Түнде +3...+5°С, күндіз +17...+19°С болады.
  • 28-29 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 8-13 м/с. Түнде +3...+5°С, күндіз +16...+18°С күтіледі.

Бұған дейін алдағы күндері Қазақстанда антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болатыны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: