Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Деньги, тенге, судебные выплаты, алименты, пособие на ребенка, пособие на детей, содержание, семейные выплаты, деньги на ребенка, ребенок, дети, семья , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2026 10:07 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 15 қазандағы бұйрығымен Отбасының цифрлық картасына енгізілетін деректерді жүргізу, толтыру, олардың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) – әлеуметтік-еңбек саласының платформасында іске асырылған, "цифрлық үкімет" платформасы мен мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен алынған деректер негізінде адамдарды, отбасыларды, отбасы мүшелері мен үй шаруашылықтарын әлеуметтік әл-ауқат деңгейіне қарай жіктеуге және тізімдерін қалыптастыруға арналған талдамалық жүйе.

Отбасының цифрлық картасындағы деректер "цифрлық үкімет" платформасынан, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған цифрлық жүйелерінен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен "Smart Data Ukimet" цифрлық талдау жүйесі арқылы алынады.

Мәліметтер жаңа деректер енгізілген немесе бұрынғы мәліметтер өзгертілген сайын тұрақты негізде автоматты түрде беріледі. Мемлекеттік органдар жаңартылған ақпаратты тиісті цифрлық жүйеге енгізген немесе өзгерткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жіберуге міндетті.

Әрбір көрсеткіш бойынша мәліметтер мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелеріндегі деректер жаңартылған сайын автоматты түрде өзектендіріледі.

Отбасының цифрлық картасында мынадай көрсеткіштер қалыптастырылады:

  • кірістер, шығыстар және кредиттік міндеттемелер;
  • жылжымалы мүлік;
  • азаматтардың жұмыспен қамтылуы;
  • әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен қамтылуы;
  • денсаулық сақтау саласындағы қызметтермен қамтылуы;
  • білім беру саласындағы қызметтермен қамтылуы;
  • тұрғын үй жағдайы мен инфрақұрылым;
  • ауыл шаруашылығы саласындағы қамтамасыз етілуі.

"Кірістер, шығыстар және кредиттік міндеттемелер" көрсеткіші мынадай өлшемшарттар бойынша қалыптастырылады:

  • жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейі;
  • қолданыстағы кредиттік міндеттемелердің болуы немесе болмауы;
  • мүлік кепілімен немесе кепілінсіз берілген тұтынушылық банктік қарыздар бойынша мерзімі өткен берешектің болуы немесе болмауы.

"Жылжымалы мүлік" көрсеткіші мынадай өлшемшарттар бойынша қалыптастырылады:

  • жеңіл автокөліктің болуы немесе болмауы;
  • автобус, жүк көлігі, шағын автобус немесе арнайы мақсаттағы автокөліктің болуы немесе болмауы;
  • ауыл шаруашылығы техникасының болуы немесе болмауы.

"Азаматтардың жұмыспен қамтылуы" көрсеткіші мынадай өлшемшарттар бойынша қалыптастырылады:

  • жұмыссыз азаматтардың болуы немесе болмауы;
  • жұмыс істейтін азаматтардың болуы немесе болмауы;
  • кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамның тіркелген-тіркелмегені.

"Әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен қамтылуы" көрсеткіші мынадай өлшемшарттар бойынша қалыптастырылады:

  • 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар мен 23 жасқа дейінгі жастар қатарындағы білім алушылардың болуы немесе болмауы;
  • 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдардың болуы немесе болмауы;
  • бала кезінен мүгедектігі бар адамның немесе мүгедектігі бар баланың болуы немесе болмауы.

"Денсаулық сақтау саласындағы қызметтермен қамтылуы" көрсеткіші мынадай өлшемшарттар бойынша қалыптастырылады:

  • медициналық ұйымға тіркелуінің болуы немесе болмауы;
  • отбасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың болуы немесе болмауы; динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруы бар адамның болуы немесе болмауы;
  • диспансерлік есепте тұрған адамның болуы немесе болмауы.

"Білім беру саласындағы қызметтермен қамтылуы" көрсеткіші мынадай өлшемшарттар бойынша қалыптастырылады:

  • балалардың болуы және олардың мектепке дейінгі білім беру ұйымына тіркелуі немесе тіркелмеуі;
  • балалардың орта білім беру ұйымына тіркелуі немесе тіркелмеуі.

"Тұрғын үй жағдайы мен инфрақұрылым" көрсеткіші мынадай өлшемшарттар бойынша қалыптастырылады:

  • отбасының, адамның немесе үй шаруашылығының тұрғын үймен қамтамасыз етілуі;
  • коммерциялық жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы; елді мекеннің мәртебесі.

"Ауыл шаруашылығы саласындағы қамтамасыз етілу" көрсеткіші мынадай өлшемшарттар бойынша қалыптастырылады:

  • отбасында, адамда немесе үй шаруашылығында жеке қосалқы шаруашылықтың болуы немесе болмауы;
  • жеке меншіктегі жер учаскесінің болуы немесе болмауы;
  • ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер пайдалануға берілген учаскенің болуы немесе болмауы.

Отбасының цифрлық картасына мәліметтер беретін мемлекеттік органдар мынадай міндеттерді атқарады:

  • берілетін мәліметтердің толықтығын, дұрыстығын және өзектілігін қамтамасыз ету;
  • өздерінің цифрлық жүйелеріне деректерді уақтылы енгізіп, жаңарту және оларды Отбасының цифрлық картасына жіберу;
  • анықталған қателер мен сәйкессіздіктерді белгіленген мерзімде жою; деректерді беру және өңдеу кезінде Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтау;
  • өздерінің цифрлық жүйелеріне қатысты киберқауіпсіздік талаптарын және интеграциялық сервистердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
  • халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша берілген мәліметтердегі анықталған алшақтықтарға қатысты түсініктеме ұсыну.

Толық емес, ескірген немесе дұрыс емес мәліметтерді дереккөз болып табылатын мемлекеттік орган олардың анықталған күнінен немесе халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның тиісті сұрауын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей түзетуге міндетті.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен келіп түскен мәліметтерді өз бетінше өзгерте алмайды. Өзгерістерді тиісті ақпарат сақталған цифрлық жүйенің иесі болып табылатын мемлекеттік орган енгізеді.

Мемлекеттік органның цифрлық жүйесіндегі мәліметтер өзектендірілгеннен кейін Отбасының цифрлық картасындағы деректер ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында автоматты түрде жаңартылады.

Бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: