21 тамызда сағат 18:48-де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық Бас мешітке келген қыз құлшылық үйінің ішкі тәртібі мен әдебін өрескел бұзып, имам жұмысына, намаз оқушылардың құлшылығына кедергі келтірді, деп мәлімдеді Almaty.tv тілшісі.
Дін қызметкерлері оған мешіт әдебі туралы түсіндірмек болғанымен, қыз ескертуге құлақ аса қоймаған.
Имам кеңесіне бағынбаған ол «мен Мәһдимін, оны осы жәрде дәлелдеуім керек» деп қарсылық танытты. Мешіт қызметкерлері ер азаматтар намаз оқитын орынға әйелдердің келуіне болмайтынын жеткізіп, оны сыртқа шығаруға мәжбүр болды. ҚМДБ жанындағы Республикалық Бас мешіттің баспасөз қызметі
ҚМДБ мешітке келушілерді құлшылық үйінде қарапайым адамгершілік әдептерді сақтауға шақырды.