1700 мұздықтың түгеліне қауіп төніп тұр – мамандар

Сурет: instagram/nomadict813
National Geographic Qazaqstan журналы әлеуметтік желіде Алматы тауларындағы ерекше көл туралы жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зерттеушілердің айтуынша, Алматы тауларында жалпы қырық көл бар. Оның 17-сі жіті бақылауда.

№6 көл деп аталатын су Мәншүк Мәметова мұздығында орналасқан. Көл теңіз деңгейінен шамамен 3550 метр биікте жатыр. №6 көлдің реңі ауа-райы мен уақытқа байланысты түсі сарғыштан көгілдір-жасыл түске дейін үнемі өзгеріп отырады екен.

№6 көл Шымбұлақтан 9,5 шақырым, ал Мыңжылқы бөгетінен 600 метр қашықтықта орналасқан. Морена көлінде бүгінде 180 мың текше метр су бар. Бұл судың қайнар көзі – Мәншүк Мәмет мұздығы.National Geographic Qazaqstan журналы

Журнал зерттеушілерінің хабарлауынша, климат өзгеруіне байланысты Іле Алатау мұздықтарының бәрі жаппай еріп жатыр.

2050 жылға қарай осынау тау қырқасындағы 1700 мұздықтың түгеліне қауіп төніп тұр, – деп жазды мамандар natgeoqaz Instagram парақшасында.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды