Қазір біз жалпы кешенді талдау жүргізу үшін Тенгизшевройл және North Caspian Operating Company компанияларымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Каспий теңізінде және жағалау аймақтарында жұмыс істейтін компаниялардың антропогендік әсерін бақылаймыз. Бұл жұмыс жақын арада басталады деп сенеміз, – деді Серікқали Брекешев Мәжіліс алаңында.
Журналистер министрден «Мұнай-газ компанияларында жұмыс істеуіне байланысты сол компаниялардың мүддесін қоршаған ортадан жоғары қоймай ма?» деген сұрақ қойды.
Жоқ. Мұнай-газ компанияларымен байланысты проблемаларды мен бәрінен де жақсы білетін шығармын. Сондықтан маған бұл қызметте олармен байланыса жұмыс істеу оңайырақ.Экология министрі
Бұған дейін министр Атырау облысында «Қызыл кітапқа» енген шағалалардың жаппай қырылуына қатысты пікір білдіріп, тиісті тексерулерге өлген құстардың сынамасы алынғанын айтқан еді. Нәтижесі бойынша барлық ақпарат беріледі.