Алматыдағы ЖЭО-2 қашан толығымен газға көшетіні белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
2026 жылдың соңына дейін Алматыдағы ЖЭО-2 толығымен газға ауыстырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, жылу электр орталығын газға көшіру бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Мамандар, жоспар бойынша, орталықтың бірінші блогы 2025 жылы газбен жұмыс істей бастайтынын айтады. Содан кейін қалған екеуі іске қосылады.

Қазіргі уақытта Алматыда тек екі ірі энергетикалық кәсіпорын газбен жұмыс істейді: ЖЭО-1 және Батыс жылу беру кешені.

2021 жылы 19 қарашада Мемлекет басшысы Алматыдағы ЖЭО-2-де болды. Кәсіпорынның экологиялық отынға көшуі зиянды шығарындылар санын жеті есеге азайтуға мүмкіндік береді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды