Депутат Бейнеу ауданын экология жағынан апатты аймақ деп тануды сұрады

Сурет: Facebook/Бейнеу ауданы әкімдігі
Сенатор Бекбол Орынбасаров депутаттық сауалында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы тұрғындарының проблемасын көтерді. Оның айтуынша, бұл жағдай - Арал теңізінің құрғап кетуінің салдары, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат адамдардың денсаулығы нашарлап, топырақ болса, сортаңданып бара жатқанын айтып, сауалын Әлихан Смайыловқа жолдады. Оның сөзінше, Бейнеу ауданы тұрғындарының құқығы тиісті деңгейде қорғалмаған. 

Сенатордың айтуынша, табиғи өмір сүру жағдайының өзгеруі нәтижесінде аудан тұрғындары арасында онкология, туберкулез, аллергия, гипертония, асқазан-ішек аурулары және анемия дерті жиілеп кетті. Ана мен бала өлімі дабыл қағарлық деңгейге жетті.

"Арал теңізі салдарынан зардап шегіп отырған өңірлерді анықтау, аумақтың экологиялық жай-күйіне талдау жасау мақсатында комиссия құру қажет. Оған қоса қолданыстағы заңнамаға Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы аумағын заңда көрсетілген экологиялық аймақ санатына қосу қажет", - деді сенатор.

Арал өңірінің Қазақстандағы бөлігі "экологиялық апат аймағы" деп танылған еді. Ол аймаққа Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандары, Ақтөбе облысының Шалқар ауданы кіреді.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз