Тоқаев: Экономиканы әртараптандыру – күрделі міндет

Әртараптандыру болмаса, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрақты жұмыс орындарын ашу мүмкін емес дейді Мемлекет басшысы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Презиженттің айтуынша, ел экономикасын әртараптандыру бойынша маңызды тетіктер сараланды. Әсіресе импортқа тәуелділіктен арылу қажеттігі айтылды.

Бұл жұмыстың басты бағыты – өңдеу өнеркәсібін дамыту. Дегенмен, ел экономикасындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі айтарлықтай өсті деп айтуға келмейді. Біз әлі күнге дейін бірқатар өнім түрінен импортқа тәуелдіміз. Жыл өткен сайын еліміздің төлем балансында өткір тапшылық байқалуда.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Ендігі кезекте жаңа Үкіметке елдегі машина жасау саласын ынталандыру жоспарын әзірлеу қажет-ақ.

Алюминийден, мыстан жасалған дайын бұйымдар және машина жасау саласына қажетті жабдықтар әлі күнге дейін шетелден әкелінеді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша тек мұнай-газ және тау-кен машина жасау саласының импорты 4 миллиард доллардан асты. Шикізат қорын, құзіреттері мен экономикалық тиімділікті ескере отырып, бәсекеге қабілетті секторларды анықтау керек.Жүргізілген талдаудың негізінде нақты жобаларды әзірлеп, инвесторларды тарту қажет. Бұл – Үкіметтің жаңа құрамының алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

 

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: