Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды
Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде Екібастұз қаласындағы Мұхтар Әуезов көшесінде орналасқан қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері салынған қаптар табылғаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Zakon.kz редакциясы Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен пікір алды.
Полиция аталған ақпаратты растады.
"Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – деп мәлімдеді ведомство.
Бұған дейін Ақтөбеде жол үстіндегі болмашы кикілжің адам ұрлығына себеп болғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript