Павлодар облысындағы қайғылы жағдай: екі адамның мәйіті табылды

Павлодар облысындағы қайғылы жағдай: екі адамның мәйіті табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2026 19:24 Сурет: pexels
Әлеуметтік желілерде Павлодар облысының Баянауыл ауданында екі адамның денесі табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Редакция өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты.

Желі қолданушыларының айтуынша, мәйіттер екі жеке үйі бар учаскеден табылған. Олардың айтуынша, үйлердің бірінде алты жасар бала тұрған, ол әуелі Майкайың кентіндегі аурухананың балалар бөлімшесіне жеткізілген, енді Екібастұздағы "Үміт" қолдау орталығына ауыстырылмақ.

Полиция адамдардың қаза болғанын растады.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын объективті түрде анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: