Елдегі арнайы экономикалық аймақтар үшін қызмет түрлері кеңейтілді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2021 жылы республиканың бірқатар арнайы экономикалық аймақтары үшін қызмет түрлерін кеңейтті, деп хабарлайды Zakon.kz

Мақсаты, сыртқы экономикалық байланыстарды жандандыру, экономиканы қолдау және өңірлердің әлеуметтік проблемаларын шешу, арнайы экономикалық аймақтардың (бұдан әрі – АЭА) жұмысына инвестициялар, технологиялар мен қазіргі заманғы менеджментті тарту үшін жасалды.

Мәселен "Ақтау теңіз порты" енді аталған АЭА мынадай жобалармен айналыса алады: жылу электр станциялары мен электр энергиясын өндіру; электр энергиясын беру және тарату; тұрғын және тұрғын емес ғимараттар құрылысы; қонақ үйлер және тұруға арналған орындар қызметтерін ұсыну; жеке немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару; демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша қызметтер.

Қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі - "Сарыарқа" АЭА қосымша тағы  ауыл шаруашылығы машиналарын, тоңазытқыштар мен тоңазытқыш жабдықтарын жинап, өңдеп және қалдықтарды жойып, қалпына келтіре алады. "Qyzyljar" АЭА қызмет түрлерінің толықтырылған тізбесіне ағаш массасы мен целлюлоза; қағаз және картон; гофрокартон; қағаз және картон ыдысы; шаруашылық-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдары; фармацевтикалық өнімдер мен препараттар; ветеринарияға арналған дәрілік препараттар өндірісі кірді. Қызметтің басым түрлерінің тізбесі "TURKISTAN" АЭА-да да кеңейтілді.

Бұдан басқа, " Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі", "Ақтау теңіз порты", "Сарыарқа", "Тараз химиялық паркі" және "Павлодар" АЭА-да қызмет түрлері "Көп бейінді аурухана құрылысы және пайдалануға беру" тармағымен толықтырылды.

Осы күндері Қазақстанда 13 АЭА жұмыс істеп тұр.  2002 жылдан бастап оларда 307 жоба іске асырылып, 21 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.

АЭА қатысушылары үшін бизнесті мемлекеттік қолдау түрінде бірқатар жеңілдіктер бар:

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: