Германия жылдың соңына дейін ресейлік мұнайдан бас тартуды жоспарлап отыр

Сурет: pixabay
Германия канцлері Олаф Шольц энергия ресурстарына деген тәуелділіктен арылу бағытындағы жұмыстар жүргізіліп жатқанын, бір жыл ішінде Ресей мұнай импортын алмастыруға қол жеткізу мүмкіндігі туады деп үміттенеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біз Ресей мұнайына деген тәуелділіктен арылу үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бір жыл ішінде оған қол жеткіземіз деп үміттенемін. Газға келетін болсақ, алдымен қажетті инфрақұрылымды құру керек, – деп ТАСС Шольцтың сөзін келтіреді.

Ол қажетті инфрақұрылымдарсыз Германия өзіне қажетті көлемдегі газды басқа елдерден импорттау мүмкін емес екендігін баса атап өтті. Енді бұл салаға елеулі инвестициялар бағытталатын болады.

Канцлердің айтуынша, Үкімет Ресей Федерациясынан газға тәуелділікті азайту үшін "қолдан келгеннің бәрін жасайды".

Айта кетелік, Германия парламентінің жоғарғы палатасы елдің жер асты қоймаларындағы газ қорының міндетті деңгейі туралы заң қабылдады.

Заң 1 мамырда күшіне енеді.

Германия
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін