Сарапшылар Францияда инфляция көрсеткіші жеті пайызға дейін өсетінін болжайды

Сурет: pixabay
Ұлттық статистика институты (Insee) жыл соңында елдегі инфляция көлемі 6,5 пайыздан 7 пайыз аралығында тұрақтануы мүмкін екенін болжайтын зерттеуді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамыр айында Франциядағы инфляция көрсеткіші 5,2%-ды құрады.

Инфляция қыркүйек айында шамамен 7%-ға дейін өседі. Қыркүйектен кейін ол 6,5 және 7 пайыз аралығында тұрақтанады, деп құжаттан РИА Новости мәтін келтіреді.

Институт сарапшылары энергия ресурстары мен өнімдерінің бағасының өсуіне байланысты осындай жағдай қалыптасты деп санайды. Әсіресе, бұл азық-түлік пен өнеркәсіптік тауарлардың бағасынан анық байқалады.

Құжатта атап өтілгендей, Brent маркалы мұнайдың болжамдық кезең аралығындағы бір баррелінің құны 120 долларды құрайды.

Еуропалық орталық банк 2022 жылы Еуроаймақтағы жылдық инфляция 6,8% деңгейінде болады деп болжайды, ал АҚШ-та тұтыну бағаларының негізгі индексі 8,6%-ға өсті.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі