Алматы мен Нұр-Сұлтан да жүр. Әлемдегі ең қымбат қалалардың рейтингі жарияланды

Сурет: Zakon.kz
Numbeo зерттеу қызметінің сарапшылары әлемнің ірі қалаларында өмір сүру үшін қанша ақша жұмсалатынын есептеді. Бұл көрсеткішті есептеу үшін олар тұрғын үйді жалға алу құнын, азық-түлік бағасы мен мейрамханалардағы бағаны есепке алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорытынды рейтингте Бермуд астанасы Гамильтон бірінші орыннан төбе көрсетті.

Numbeo өз зерттеуіне 510 қаланы таңдап алды.

Қазақстан қалаларынан тек Алматы мен Нұр-Сұлтан алыныпты. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өмір сүру құны бойынша қалалар рейтингісінде қос қаламыз 466 және 475-ші орындардан көрінді.

Бірінші кезектегі 10 қаланың басым бөлігін Швейцария мегополистері иеленді. Қорытынды рейтингі келесідей сипатта:

Тізімде тек 510 қала бар, оның ішінде Ресейдің Санкт-Петербург қаласы 279-орынға ие. Мәскеу - 287-орында. Сондай-ақ Қазан (300), Новосибирск (301), Краснодар (313), Нижний Новгород (316) және Ростов-на-Дону (345).

Өмір сүру құнының индексі Нью-Йорк бойынша есептеледі, оның көрсеткіштері 100% деп алынды. Индекске азық-түлік, мейрамханалар, коммуналдық қызметтер мен көлік құны кіреді. Ипотека бойынша жалға алынған үй құны мен басқа да жарналар есепке алынбады.

Қызықты
Алматы
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді