Скляр: Коммуналдық қызметтер тарифінің күрт өсіміне жол берілмейді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Энергетика министрлігінің алқалы жиынынан кейін журналистерге берген сұқбатында Риддер мен Екібастұз қалаларында коммуналдық қызметтер тарифінің өсуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Роман Скляр тариф мәселесінде "бел ортасы" қағидатын сақтау маңызды екенін мәлімдеді.

"Үкімет пен тиісті уәкілетті органдар үшін бел ортаны табу маңызды. Құнның күрт өсімі деген болмауы керек, әсіресе жекелеген аймақтарда бағаның шарықтап шыға келуіне жол берілмеуі тиіс. Бұл бағытта жұмыстар жүргізіледі. Адамдар сапалы өнім, сапалы қызмет алуы керек. Біз аталған қызметтер құнының күрт өсіміне жол бермейміз және бұған дейін де жол бермегенбіз", - деді Роман Скляр. 

Бұл мәселе өз министрлігінің құзыретіне жатпайтынын айтқан Энергетика министрі де сөзге араласты.

"Тарифтерді көтеру деген, әсіресе Сіздер айтып отырған өңірлерде (Екібастұз және Риддер - шамамен), ондай жоспар жоқ. Бұл арада аталған объектілерді жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өткізу мәселесі көтерілген. Бұл сұрақ зерттеуді қажет етеді, оны тексеру керек. Біріншіден, тергеу әлі аяқталған жоқ. Екіншіден, егер тарифте шығындардың үлесі болса, бірақ олар станцияны модернизациялауға пайдаланылмаса, онда бұл өте ауыр бұзушылық болады. Сондықтан бұл - қосымша зерттеуді қажет ететін мәселе". Болат Ақшолақов

Оның айтуынша, мемлекеттік кәсіпорындарда тарифтеу жүйесі басқаша.

"Егер ол ертең мемлекеттік кәсіпорын болып жатса, онда тарифтеу жүйесі сәл басқаша болатыны түсінікті, жергілікті бюдже, республикалық бюджет деген бар. Мұндай жағдайда сіз айтқандай, тарифті айтарлықтай өсіру арқылы емес, басқадай шешім қабылдануы мүмкін". Болат Ақшолақов


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: