Қазақстан ЖЭК саласындағы қытай инвесторларымен жаңа келісімге отырмақ

Қазақстан-Қытай, инвестор, жел электр энергиясы, Ерлан Ақкенженов, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2026 17:37 Сурет: Zakon.kz
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 27 ақпанда ведомствоның кеңейтілген алқалы жиынында жаңартылатын энергетика көздері саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарға арнайы тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бүгіндері елімізде жалпы қуаты 3,5 ГВт болатын жаңартылған баламалы энергия көздерінің 162 нысаны жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

"Өндіріс үлесі ел бойынша жалпы генерацияның 7%-ын құрайды. 2025 жылы қуаттылығы 503,5 МВт болатын 9 жаңартылған энергетика стансасы іске қосылды. Жел электр энергиясының өндірісі 8,6 млрд кВт/сағатты құрап, 2025 жылғы жоспарға қарағанда 19,4% өсім көрсетті. Қазақстанда алғаш рет үлкен қуатты жел электр стансасын сату бойынша аукцион өткізілді", - деді Ақкенженов.

Сонымен қатар, Қытайдың халықаралық компаниясымен ірі күн электр станциясын салу туралы келісім жасалды.

"2026 жылға арналған жоспарлар: ЖЭК электр энергиясы өндірісі – 8,8 млрд кВт/сағ, белгіленген жиынтық қуаты 245,8 МВтты құрайтын 10 ЖЭК жобасын іске асыру, Қазақстан Үкіметі мен Қытай инвесторлары арасында энергия жинақтау жүйелерін қамтитын жел электр станциясының (ЖЭС) жобалары бойынша келісімдерге қол қою, сутегі энергетикасын дамытудың 2040 жылға дейінгі тұжырымдамасын өзектендіру. Сондай-ақ, "Баламалы энергия көздері туралы" заң қабылдау жоспарланып отыр", - деп толықтырды министр.

Бұған дейін ҚР Энергетика министрлігі 2026 жылы битум экспортына тыйым салғалы отырғаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: