Павлодар облысындағы кәсіпорындардың антирейтингі жарияланды

Сурет: pixabay
Тізімдегі бес кәсіпорынды ферроқорытпа зауыты мен энергетикалық компания бастап тұр. Былтыр бұл қос нысанда алты-алтыдан жазатайым оқиға тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, кәсіпорын үлкен болған сайын өндірістік жарақат алудың мүмкіндігі де жоғарылайды.

Тізімді алты жазатайым оқиға тіркелген Ақсу ферроқорытпа зауыты мен "Еуроазиаттық энергетикалық корпорация" АҚ бастады. Әрі қарай бес-бестен жарақат алу фактісі бар KSP Steel, "Богатырь көмір" және павлодарлық Алюминий зауыты жайғасты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

"Бұл жерде адам саны көп ірі әрі қауіпті кәсіпорындар туралы айтып тұрғанымыз анық. Олардың кейбіреулерінде құрал-жабдық ескірген, ол да жарақат алудың мүмкіндігін арттырады. Адам неғұрлым көп болған сайын, жазатайым оқиғалар саны да артады. Жарақатты ең көп алатындар тау-кен және металлургия саласының жұмыскерлері – 33 адам. Әрі қарай құрылыс және энергетика саласы, сәйкесінше, 15 және жеті адам". Асқар Қапанов

2022 жылдың қорытындысы бойынша, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында 110 жазатайым оқиға болды, онда 112 адам зардап шекті, оның ішінде ауыр нәтижемен – 66 адам, өліммен аяқталған – алты адам. Барлық жағдайда кәсіпорынның 100% кінәсі дәлелденді.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды