KEGOC басшысы блэкауттан кейін төленген 83 млн теңге сыйақының не үшін берілгенін түсіндірді
Фото: unsplash
2026 жылғы 25 тамызда Үкіметтегі баспасөз мәслихатында "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов компания топ-менеджерлеріне Қазақстандағы блэкауттан кейін берілген сыйақылардың не үшін төленгенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер 14 тамызда Қазақстанда болған блэкауттан кейін "KEGOC" АҚ топ-менеджментіне шамамен жарты миллиард теңге көлемінде бонус пен төлемдер берілгені туралы ақпарат тарағанын атап өтті. Осыған байланысты БАҚ өкілдері компания басшысынан бұл төлемдердің не үшін екендігін сұрады.
"Бұл төлемдер мен сыйақылар корпоративтік стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Оның құрамына тек сыйақы ғана емес, топ-менеджерлер мен директорлар кеңесі мүшелерінің жалақысы, сондай-ақ қызметкерлердің еңбекақысы мен барлық төлем жүйесі кіреді. Жалпы сома 587 млн теңгені құрады, оның ішінде сыйақының өзіне шамамен 83 млн теңге бағытталды", – деді Нәби Айтжанов.
Оның айтуынша, сыйақы мөлшері әр қызметкердің, басқарма мүшесінің және директорлар кеңесі мүшесінің тиімділік көрсеткіштері негізінде қарастырылады.
"Компанияның таза пайдасы – алдымызға қойылған негізгі қаржылық міндеттердің бірі және ол тұрақты өсімді қамтамасыз етеді. Егер 2023 жылы бұл көрсеткіш 43 млрд теңгені құраса, жоспарымызға сәйкес, 2025 жылы ол 77 млрд теңгеге жетеді. Яғни басқарма мен директорлар кеңесі алдына қойылған қаржылық міндеттерді толық орындап отыр. Сондықтан сыйақыны негізді деп санаймыз", – деп қорытындылады "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы.
Бұған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 11 күн бұрын Қазақстанда болған блэкаутқа қатысты пікір білдірген еді. Ол оқиғаның оң тұстары бар екенін айтқан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript