Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда биыл күз айларында электр тапшылығы сезіле бастайды

Электр тапшылығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2024 19:59 Сурет: pixabay
"KEGOC" АҚ Басқармасының төрағасы Нәби Айтжанов Энергетика министрлігінде өткен алқалы жиынның қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда электр энергиясы тапшылығының болжамды көлемін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нәби Айтжанов Қазақстанның 2023 жылғы электр энергиясын тұтынысы 115,06 млрд кВт/сағатты құрағанын және 2022 жылмен салыстырғанда ол 1,9%-ға артқанын жеткізді. 

"Электр энергиясын өндіру 2022 жылғы деңгейде қалып, 112,82 млрд кВт/сағатты құрады. Өткен жылы ең көп тұтыныс 13 желтоқсанда тіркеліп, 16 626 МВт-ты құрады, бұл 2022 жылғы ең жоғары деңгейден 167 МВт-қа жоғары. Бұл ретте электр генерациясы 15 107 МВт құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 96 МВт-қа төмен. Осылайша, 2023 жылы жүктеме артқанда Қазақстанның электр станцияларының генерациясында төмендеу байқалды. Тұтыныс пен генерацияның осы көрсеткіштерін есепке алғанда, электр қуатының тапшылығы 1519 МВт құрады, оның орыны Ресей Федерациясынан жоспардан тыс тасымалдау арқылы жабылды", – деді ол.

Ол 2024-2030 жылдарға арналған электр қуатының болжамды балансы, атап айтқанда 2030 жылға қарай электр қуатының айтарлықтай тапшылығы 6,2 ГВт-қа дейін артатынын айтты.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: