Компания директоры Павлодардан Тәжікстанға жана-жағармайды басқа өнім түрі секілді тасымалдауды жоспарлаған болып шықты.
Қаржылық мониторингі агенттігінің қызметкерлері кәсіпкердің заңсыз әрекеттерінің алдын алды.
Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде айыпты өз ісіне өкініп, көлік прокурорымен кінәні толық мойындау туралы іс жүргізу келісімін жасады.
Павлодар қаласының №2 сотының 10.10.2022 жылғы үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Мемлекетке заңсыз сатылған бензиннің 54 млн теңгесі және контрабанда заты – 89 млн теңгенің АИ-95 маркалы жанар-жағармайы қайтарылды.
Ақпан айында Қазақстан көліктің барлық түрлерімен бензин мен дизель отынын сыртқа тасымалдауға тыйым салды.