Қазақ-қырғыз шекарасындағы көлік кептелісіне қатысты жағдайды ЕЭК делегациясы зерттеді

Сурет: pixabay
Еуразиялық экономикалық комиссияның мониторинг тобы 24 тамызда қырғыз-қазақ шекарасында болып, қырғыз халықаралық тасымалдаушылардың автожол өткізу пунктінен өтуі барысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Қырғыз тарапы мониторинг тобына Қазақстан тарапындағы бекеттің өткізу қабілетінің айтарлықтай төмендеуіне байланысты автокөліктердің біршама көлемде тұрып қалғанын көрсетті", делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ЕЭК 24 тамыздағы жағдай бойынша қазақстандық тарап жүк автокөлік құралдарын өткізуді сағатына екі-үш көліктен сегіз-тоғыз көлікке дейін ұлғайтқанын атап өтті.

ЕЭК жағдайға мониторинг жасауды жалғастырады.

Алдында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан мен Қырғыз Республикасының шекарасында жүк көліктерінің неліктен ұзын-сонар кезегі пайда болғанын түсіндірген болатын. Оның айтуынша, ол арада есірткі заттарын анықтау бойынша операция жүргізілген. Өз кезегінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақ-қырғыз шекара учаскесі штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын нақтылады.

"Қандай да бір шектеулер енгізілмеді, өткізу пункттері, оның ішінде қазақ-қырғыз шекара учаскесі штаттық режимде жұмыс жасауда. Тексеру уақытының регламенттік нормативтері қатаң сақталуда және автокөлік құралдарын өткізу деңгейі қазіргі маусымға тән күнделікті көрсеткіштер аясында", деп хабарлады ҚР ҰҚК.
Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады