Қазақстанда қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылды

Сурет: unsplash
Қазақстан үкіметі "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру мәселелері туралы" 2023 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы", – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылсын, делінген құжатта.

"Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару, сақталуын қамтамасыз ету, өткізу серіктестік қызметінің негізгі нысаналары болып айқындалды.

Серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың мемлекеттік үлесіне иелік ету және оны пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне берілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды