Қазақстан 2030 жылға қарай авиаотын өндірісі көлемін арттыруға ниетті
Сурет: pexels
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 4 қарашада үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның отын өндірісіне қатысты жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ерлан Ақкенженов бүгінгі таңда Қазақстанда авиаотын тапшылығы бар екенін мойындады: жетіспейтін көлемді (шамамен 25%) еліміз шетелден тасымалдайды.
Ведомство бұл мәселені қолданыстағы үш мұнай өңдеу зауытын (МӨЗ) жаңғырту және жаңасын салу арқылы шешуге ниетті.
"Бүгінде еліміздің батысындағы шағын МӨЗ қуаттарын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде келесі жылдың ортасына қарай қосымша 100 мың тонна керосин өндіріледі. 2030 жылға қарай елімізде қосымша 1,5 млн тонна авиакеросин өндіруге мүмкіндік пайда болады. Бұл бүгіндері жүзеге асыруды жоспарлап отырған барлық жобалар аясында (шағын МӨЗ мен үш МӨЗ-ді жаңғырту, сондай-ақ төртінші зауытты салу – ред) мүмкін болмақ", – деді ол.
Министр бүгіндері авиаотын бойынша ешқандай шектеулер жоқ екенін де жеткізді.
"45 күндік қор бар. Барлық отандық әуе компаниялары отынмен қамтамасыз етілген. Шетелдік әуе компанияларды да ешқандай шектеусіз толық көлемде авиаотынмен қамтамасыз етіп отырмыз", деп сөзін түйіндеді Энергетика министрі.
Бұған дейін Ерлан Ақкенженов қолданыстағы үш мұнай өңдеу зауытын (МӨЗ) жаңғырту қарапайым қазақстандықтар үшін қандай пайда әкелетінін айтып берген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript