"Кейбір қазақстандықтардың шоттары бұғатталуы мүмкін": МКК мәлімдеме жасады

Карта, қазақстандықтар, шоттар, бұғатталу, МКК, мәлімдеме  , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2026 19:16 Сурет: freepik
Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) 2026 жылғы 4 қарашада қазақстандықтардың шоттары неге бұғатталатынын және оны қалай бұғаттан шығаруға болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство шоттар бойынша шығыс операциялары камералдық бақылаудың өзінен емес, салық төлеушінің хабарламаға жауап бермеуінен тоқтатылатынын нақтылайды.

"Мемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылауды тұрақты жүргізеді. Қазір ол екінші деңгейдегі банктердің мәліметтері (POS-терминалдар арқылы түсімдер) және мобильді аударымдар бойынша жүргізіледі. Егер бұл мәліметтер салықтық есептілік деректерімен сәйкес келмесе, салық төлеушіге хабарлама жіберіледі. Хабарламалар қыркүйекте жіберілді. Жауап беруге хабарлама салық төлеушінің кабинетіне жеткізілген күннен бастап 30 жұмыс күні (45 күнтізбелік күн) беріледі. Егер салық төлеуші осы мерзімде жауап бермесе, оның шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылады", деп түсіндіреді МКК.

Хабарламаны қалай орындауға болады (бір әдіс жеткілікті):

  • қосымша салықтық есептілікті ұсыну және салықтарды төлеу;
  • немесе айырмашылықтардың себептері туралы түсініктеме ұсыну.
"Салық төлеуші хабарламаға жауап берген бойда, бұғаттау күшін жояды және шоттар қайтадан жұмыс істейді. Салық төлеушінің жеке кабинетінде хабарламаны тексеріп және оған жауап беруге болады", - дейді ведомстводан.

Бұған дейін енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алатыны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: