Ресейдегі жанармай дағдарысы: Қазақстандағы жағдай қандай
Фото: Zakon.kz
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 25 тамызда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы бензин қоры туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Энергетика министрі еліміздегі жанармай жағдайын тұрақты деп бағалады.
"Бүгінде бензин мен дизель отынының жиынтық қоры 1,1 млн тоннадан асады. Елімізге көршілес өңірлерде болып жатқан жағдайды ескере отырып, Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстарын келесі жылдың көктеміне ауыстырдық", – деді Ерлан Ақкенженов.
Ол Қазақстандағы бензин бағасы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда төмен екенін және осыған байланысты "жанармай туризмі" барын атап өтті.
"Әрине, Еуразиялық экономикалық одақ құрамында болғандықтан, біз шекарамызды жауып немесе кез келген туристердің, оның ішінде жанармай алу үшін келетіндердің ағынын шектей алмаймыз", – деді Ерлан Ақкенженов.
2026 жылғы 12 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті елден жанармайды заңсыз әкету әрекеттерінің ауқымын жариялады. ҰҚК мәліметінше, Шекара қызметі 1-10 тамыз аралығында өткізу бекеттерінде жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 551 дерегіне жол бермеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript