Air Astana акционеріне салынған ресейлік санкция әуе компания жұмысына кері әсер етіп жүрмейді ме

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев 28 қыркүйекте ведомствода өткен брифинг барысында Air Astana акционеріне салынған ресейлік санкциялар әуе компания жұмысына теріс әсер ететін-етпейтіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марат Қарабаев Air Astana компаниясы ұлттық оператор екенін еске салды.

"Air Astana-ның мажоритарийі - Қазақстан. Компания штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Біздің ұлттық оператордың қызметінде ешқандай өзгеріс болмайды", - деп атап өтті ҚР Көлік министрі.

Азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаев та осындай пікірде.


"Қазақстан халықаралық шарттарға үлкен құрметпен қарайды. Бірінші кезекте Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы шығарған шарттар мен стандарттарға. Осыған байланысты санкцияларға байланысты компания қызметіне қатысты шектеулер бар дегенге қандай да бір негіздер жоқ. Біз халықаралық стандарттарды қатаң сақтай отырып, жұмыс істейміз. Біз қандай да бір салдарды байқап отырғанымыз жоқ", - деді ол.

30 наурызда Қазақстанда Qazaq Air және Air Astana әуе компанияларын жекешелендіру жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күн 48 градусқа дейін ысиды". Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда суару арналарына автоматтандыру жүйесі енгізілуде

Ақтөбе облысында жыл басынан бері хабар-ошарсыз жоғалған азаматтарға қатысты 900-ден астам өтініш түскен

Қазақстанда криптовалютаны сатып алу және сату ережелері қашан реттеледі

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы