Алматы облысындағы G4 City арнайы экономикалық аймағына жаңа атау беріледі

Сурет: primeminister.kz
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі G4 City арнайы экономикалық аймағын құру туралы ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы қаулысына өзгеріс енгізетін үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2048 жылға дейінгі кезеңге арналған "Alatau" арнайы экономикалық аймағы құрылсын", – делінген құжатта.

"Алатау" АЭА аумағы да ұлғаяды. Ол Алматы облысында, Алматы қаласының солтүстігінде, 80 шақырымдық А3 (Алматы – Қонаев) тас жолының бойында 96 560 гектар аумақта орналасады.

G4 City АЭА аумағы 30 мың гектарды қамтыған еді. 

АЭА мына мақсаттар үшін құрылады:

АЭА аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді. АЭА аумағында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген кіру, шығу, транзит және болу тәртібі қолданылады.

Құжат 21 қарашаға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланады.

Қазақстан
Ашық НҚА

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін