ШҚО-да теміржолға арналған дизель отыны тасымалында заңсыздықтар әшкереленді

Сурет: Zakon.kz
ШҚО бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері отын-энергетика кешеніндегі асыра делдалдық таныту, мұнай өнімдерін ұрлау және олардың заңсыз айналымы фактілерін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

YK-news.kz "ҚТЖ" АҚ-дағы дизель отынын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу шеңберінде мұнайды жеткізушіден бастап түпкілікті сатып алушыға дейінгі көтерме кәсіпорындар арасында асыра  делдалдық белгілері анықталғанын хабарлайды.

ШҚО бойынша ЭТД басшысы Айдын Молдабеков "ҚТЖ Жүк тасымалы" және "ҚТЖ Жолаушылар локомотивтері" компаниялары сатып алушылар болып табылатынын атап өтті.

Оның айтуынша, делдалдардың кесірінен локомотивтерге арналған дизель отынының бағасы шамамен 30%-ға өскен.

"2023 жылы аффилиирленген компаниялармен жасалған барлық заңсыз шарттар бұзылды. Дизель отынын сатып алу "ҚазМұнайГаз" АҚ Ұлттық операторынан тікелей жүргізілетін болды. Нәтижесінде мемлекеттік үнем 18 млрд теңгеден асты", - деді Айдын Молдабеков.

Жанармай айналымының көлеңкелі схемасын ұйымдастырушылар сотталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

2024 жылы 2 сәуірде Павлодар қаласының №2 сотында "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры мен бас маманына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды