Қазақстан наурыз айында мұнай бойынша міндеттемесін асыра орындады

Сурет: gov.kz
Қайталама дереккөздерге сәйкес, Қазақстан наурыз айында өз міндеттемелерін тәулігіне 131 мың баррельге асырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика министрлігі бұл климаттық жағдайларға және жылыту маусымының ұзақтығына байланысты екенін айтып, түсіндірді. Алайда, Қазақстан І-тоқсанда өз міндеттемелерін орындау және артық өндірісті өтеу үшін барлық күш-жігерін салуды жалғастырады.

"Сондай-ақ, бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 53-ші отырысының шешіміне сәйкес Қазақстан 2024 жылғы 30 сәуірге қарай ОПЕК хатшылығына өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын ұсынады", делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Бұған дейін Қазақстан өзінің ағымдағы міндеттемелерін 2024 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді