Жолаушылардың құқығын бұзған отандық әуе компаниялар айыппұл арқалады

Сурет: pixabay
Жазғы кезеңде рейстер санының ұлғаюына байланысты ҚР заңнамасында көзделген қызметтердің немесе рейсті кешіктіру кезіндегі қызметтердің дұрыс көрсетілмеуіне қатысты әуекомпаниялар үстінен жолаушылар жиі шағымдана бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты, ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін отандық және шетелдік әуекомпанияларды жауапкершілікке тарта бастады.

"Мәселен, Алматы – Қарағанды бағыты бойынша рейс кідіртілген кезде Қызметтерді ұсынбауға байланысты (жолаушылар қонақ үйге орналастырылмады, сонымен қатар жолаушыларды әуежайдан қонақ үйге және кері тасымалдау ұйымдастырылмады) ағымдағы жылдың 11 шілдесінде «FlyArystan» әуе компаниясына қатысты ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 567-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, оған сәйкес әуе компанияға 1000 АЕК (3 692 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды". Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі

Бұған дейін, Атырау-Алматы бағыты бойынша рейсті кешіктірген кезде тиісті қызмет көрсетпегені үшін ағымдағы жылдың 24 маусымында "SCAT" әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) құрады.

Жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты заңнаманы мүлтіксіз сақтау Азаматтық авиация комитеті жұмысындағы басым бағыттардың бірі болып табылады және әуе компаниялар тарапынан бұзушылық фактілері анықталса, белгіленген шаралар қолданылатындығын атап өткен жөн.

 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды