Үндістаннан Қазақстанға келіп жеткен 70 тоннаға жуық күріш қайта кері жөнелтілді

Сурет: pixabay
Сертификаттарға сәйкес келмеуіне байланысты Үндістаннан Қазақстанға келіп жеткен күріш партиясы қайта кері жөнелтілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысында "Болашақ" ФББ инспекторлары импортталатын карантинге жатқызылған өнімде фитосанитариялық талаптардың бұзылғанын анықтады. Үндістаннан Таразға баратын 66,9 тонна күріш берілген фитосанитарлық сертификатқа сәйкес келмеді.

"Жамбыл облысындағы "Қарасу" ФББ инспекторлары фитосанитариялық сертификаттың болмауына байланысты Қырғызстанға 22 тонна жаңғақты қайтарды. Осындай жағдай Қостанай облысындағы "Қайрақ" ФББ-де орын алып, Ресейге 22,9 тонна картоп қайтарылды. Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" ФББ-да қажетті құжаттары жоқ бір тонна алма табылды. Астана қаласы АИ инспекторлары "Астана халықаралық әуежайы" ФББ-да Ресей Федерациясынан авиарейспен фитосанитариялық сертификатсыз келген көшеттерді анықтады, бұл жүк импорттаушы елге қайтарылды", делінген ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің хабарламасында.


Сурет: ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Ресей Федерациясынан келіп түскен ағаш материалдарына (75,5 м3) қайталама бақылау жүргізу кезінде Көкшетау ҚАИ және Абай ААИ (Қарағанды облысы) инспекторлары қарақарағайдың тірі дернәсiлдерiн тапты. Өнім иелеріне қатысты барлық фактілер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.

Бұдан басқа, Орал қаласы АИ инспекторлары міндетті қайталама бақылауға мақсары(импорттаушы ел-Ресей) ұсынбаған үшін өнім иесіне әкімшілік бұзушылықтар туралы хаттамалар жасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ