Сауда министрлігі соңғы аптада кейбір азық-түлік түрлерінің арзандағанын мәлімдеді

Сурет: Zakon.kz
ҚР Сауда және интеграция министрлігінде еліміздің ішкі нарығына заңсыз жолмен әкелінген жұмыртқаларды сату мәселесі және уақытша шектеу шаралары енгізілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының транзитін бақылау тетіктерін пысықтау жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны бәсеңдеуде

"Биыл алғаш рет апта ішінде аталған тауарларға бағаның өсуі тіркелген жоқ. Баға өспеді - апта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нөлдік өсіммен аяқталды. Өткен аптада бірқатар азық-түлік өнімдеріне баға төмендеді. Атап айтқанда, жұмыртқа 1,2%-ға, пияз 0,8%-ға, сәбіз 0,6%-ға, ал рожки мен күріш 0,1%-ға арзандады. Сонымен қатар, жыл басынан бері ұн бағасы 1,7%-ға төмендегені байқалды", делінген хабарламада.

Өңірлер арасында баға индексінің төмендеуі Түркістан облысында – 0,2%, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 0,1 тіркелді. Ал Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қостанай және Абай облыстарында баға индексі өзгеріссіз, нөлдік деңгейде қалды.

"Өңірлік комиссиялар анықтаған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеуді бақылау мақсатында белгіленген 15%-дық шекті сауда үстемесін асыру фактілері бойынша 1 872 әкімшілік іс қозғалды", делінген министрлік хабарламасында.

6 100-ден астам тауар жеткізу тізбегіне талдау жүргізілді. Соның ішінде 655 жағдайда бәсекелестік заңнамасын бұзу қаупі анықталды. Бұл деректер нақты шаралар қабылдап, бақылауды күшейтуге негіз болды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қолжетімділігін қамтамасыз етудегі тиімді құралдардың бірі – ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері. Жыл басынан бері еліміздің өңірлерінде фермерлік өнімдер делдалсыз, тікелей сатылатын 3 мыңға жуық жәрмеңке ұйымдастырылды.

Бұған дейін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов үкіметтік делегация құрамын бастап, Абай және Жетісу облыстарындағы Алакөл көлінің курорттық аймағына барғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды