Михаил Ломтадзе Премьер-министрге Kasper AI-көмекшісінің мүмкіндіктерін көрсетті

Сурет: Kaspi.kz
Астанада өткен Digital Bridge форумында Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе Премьер-министрге Kasper дербес AI-көмекшісінің клиенттің нақты қажеттіліктеріне сай тауар таңдауға қалай көмектесетінін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таныстырылым "Денсаулық көрсеткіштерімді бақылағым келеді" деген қарапайым сұраудан басталды. Kasper бұл мәселені шешудің бірнеше нұсқасын ұсынды. Одан кейін әңгімелесу барысында смарт-сақиналардың үздік үлгілерін салыстырып, олардың iPhone-мен үйлесімділігін ескеруге және қажетті өлшемді анықтауға көмектесті.

"Әлемде жасанды интеллектіні клиенттер үшін нақты пайдалы әрекетке айналдырудың мысалдары әзірге өте аз. Біз бұл технологияны іс жүзінде қолдануға ұмтыламыз. Қазақстанда қазірдің өзінде күнделікті қолдануға арналған суперқосымша бар — мұндай бірегей өнім әлемнің басқа елдерінде іс жүзінде жоқтың қасы. Ендігі міндетіміз — күнделікті қолдануға арналған дербес көмекші жасау", — деді Михаил Ломтадзе.

Михаил Ломтадзенің айтуынша, Kasper — Қазақстанда жасалған Kaspi.kz-тің төл әзірлемесі. Сервис клиенттің қалауын ескеріп, пікірлерді талдайды, тауарлардың сипаттамаларын салыстырады және күрделі терминдерді қарапайым тілмен түсіндіреді. Онымен қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде сөйлесуге болады.

Іске қосылған сәттен бері Kasper-ді бір миллион адам пайдаланып үлгерді. Михаил Ломтадзенің айтуынша, ең бастысы – пайдаланушылардың сервиске қайта оралуы. Ол мұны қызмет сапасының негізгі көрсеткіші деп санайды.

Қазақстан
Бектенов Олжас
Ломтадзе Михаил

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін