Тоқаев латынша мәтіндер жөнінде: Бұл – қазақ тілі емес, тіліміздің табиғатына жат, бұрмаланған мәтіндер

Сурет: assembly.kz
Мемлекет басшысы ғалымдармен өткен жиында латын әліпбиіне тез арада көшуіміз керек деп, көптеген өрескел қате кеткенін айтып, бұл мәселеде ғалымдарға басқа елдердің озық тәжірибесін мұқият зерттеп, ұтымды тұстарын пайдалануды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент осы сәтті пайдалана отырып, қазақ тіліне реформа жасау керек екенін айтты.

Сондай-ақ ол асығыс қабылданған шешім салдарынан кеткен қателіктерге тоқталды.

"Біз латын әліпбиіне тез арада көшуіміз керек деп, көптеген өрескел қате жібердік. Мысалы, латын қарпімен жазылған билбордтарға қараңыздар! Бұл – қазақ тілі емес, тіліміздің табиғатына жат, бұрмаланған мәтіндер", -  деді ол. 

Сондықтан "бұл жұмысты Ғылым академиясының басшылығымен асығыстыққа жол бермей, жан-жақты ойластыра отырып, жалғастыру керек" деген Пезидент асығыстықтан кеткен өрескел қатені мысал келтіре отырып айтты.

"Тағы да қателесуге құқымыз жоқ. Бір мысал келтірейін. Мен бұл мәселе бойынша Құрылтай отырысында айттым. Кириллицада көптеген сөзде "ы" деген әріп бар. Мысалы, "ырымшыл" деген сөзде үш "ы". Біз оны автоматты түрде "у" деп жазатын болдық. Сонда "ырымшыл" деген сөзді латын әліпбиінде жазатын болсақ, үш игрек болады. Бұл қазақ тілі ме? Оны кім оқи алады? Ақырында, тіліміз кирилл әліпбиімен де, тіпті, латын әліпбиімен де жағымсыз көрінетін болды. Осындай мысалдар аз емес".Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы осы орайда ғалымдарға басқа елдердің озық тәжірибесін мұқият зерттеп, ұтымды тұстарын пайдалануды тапсырды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты