Тоқаев Ғылым академиясының абыройы мінсіз болуы қажет деп есептейді

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысының сөзінше, ғылымды дамытудың жаңа үлгісіне сәйкес Ұлттық ғылым академиясының рөлі ерекше болады. Ғылым академиясына жақында Президент жанындағы орган мәртебесі берілді.

Оны қаржыландыру мәселесі шешілді. Академиктерге өмір бойы стипендия төленетін болды.

"Бірақ осы жерде ашық айтуым керек: бізде академик тым көп, кейбір академиктердің таза ғылымға еш қатысы жоқ. Бір қарағанда, академик деген аты бар. Бірақ ғылымды дамытуға қосқан үлесін ешкім білмейді. Осындай академиктердің ғылыми сапасы да, олардың ғылымға қосқан үлесі де күмәнді. Бұл Академияға нұқсан келтіргені сөзсіз. Сондықтан Академияның жаңа басшылығы осы маңызды мәселеге назар аударуы керек. Ғылым академиясының беделі, абыройы мінсіз болуы қажет". Мемлекет басшысы

Тоқаевтың пікірінше, нағыз ғалым болу – академик не болмаса доктор атағына ие болу емес, жан-дүниеңмен беріліп ғылыммен айналысу, зерттеу жүргізу арқылы қоғамға, елге пайдаңды тигізу. Ол Академияның жұмысы түбегейлі өзгеруге тиіс деді.


"Ғылым академиясы Қазақстанды тұрақты әрі жан-жақты дамытуға мол үлес қосады деп сенемін. Елімізді ғылыми-технологиялық жағынан дамытуға қатысты менің негізгі пайымдарым – осы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: ғылымның жаңа үлгісі мемлекет пен бизнестің әріптестігіне негізделуге тиіс. Осы тәсіл әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Бұл біздің Әділетті Қазақстанды құру жолындағы стратегиялық бағдарымызға толық сай келеді. Елімізде Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан сияқты ғұламалардың жолын қуған ғалымдардың жаңа буыны шығатынына нық сенімдімін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев