The Australian басылымының жазуынша, баланы ұрып-соққандар көптеген елде әлі де жауапкершілікке тартылмайды.
Басылымның мәліметінше, 16 мен 24 жас аралығындағы он адамның алтауы бала кезінде таяқ жегенін айтқан.
"Зерттеу нәтижелері бала кезінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған 16 мен 24 жас аралығындағы жасөспірімдердің 61%-ы кейінгі өмірінде үрей мен депрессиядан екі есе көп зардап шегетінін анықтаған авустралиялық балаларға жүргізілген зорлық-зомбылық зерттеуімен сәйкес келеді".Софи Хавигхерст
Зерттеудің бірлескен авторы, Австралия католик университетінің жанындағы балаларды қорғауды зерттеу институтының директоры, профессор Дэрил Хиггинс ересек адамдар шапалақтың әсері жоғары деп есептейтінін айтқа, 65 жастан асқан адамдардың 38 пайызы мұны қажет деп санайды. Алайда 16-24 жас аралығындағы жастардың 15 пайызы ғана шапалақты тиімді жаза деп көрсеткен.
Британиядағы балаларға қатыгездіктің алдын алу ұлттық қоғамының бас атқарушы директоры сэр Питер Уэнлесс елде ересектерді ұрып-соғу заңға қайшы саналғанымен, балаға ондай қорғану құқығы берілмегенін алға тартты.