Ақтөбелік мұғалім ерекше балаларға домбыра үйретудің әдісін ойлап тапты

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Ақтөбе қаласында музыка пәнінің мұғалімі Гүлсана Мағзымбетова ерекше балаларға музыкалық аспаптар тартуды үйретіп жүр. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына 7 маусым күні ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құлағында мүкісі бар қатысушылар үшін ұстаз түрлі-түсті түстер мен геометриялық фигуралар арқылы нота үйрету методикасын ойлап тапқан.

Ол жеті нотаны жеті түрлі түске бояп, бес саусақты геометриялы пішіндерге ауыстырыпты.

Министрліктің мәлімдеуінше, оқу әдістемесінің авторлық құқығы бар және ол Берн конвенциясы арқылы бірнеше елде қорғалған.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Гүлсана Мағзымбетовадан бүгінде түрлі сырқаты бар 30 бала тәлім алып жүр. Бойындағы түрлі дертіне қарамай, домбыра тартуды меңгерген өнерпаздар қалалық байқаулардан бастап, облыстық, республикалық бәйгелерде көзге түсіп келеді.

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Ақтөбелік ұстаздың айтуынша, бұл әдіс балалардың денсаулығына оң әсер етеді екен.

"Кез келген музыкалық аспапты тарта білу екі ми бөлігін бірден жұмыс істеуге итермелейді. Цебральді сал ауруына шалдыққан балалардың қол моторикасы жақсы дамиды. Осы әдістеме арқылы басқа да аспаптарда ойнауға болады", – дейді Гүлсана Мағзымбетова.

Ал Петропавл қаласындағы №1 IT-лицейдің педагог-шебері Сергей Никулин "Қазақстан тарихы бойынша тесттер" атты мобильді қосымша ойлап тапты.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты