Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавл қаласында тарихшы мұғалім мобильді қосымша жасап шығарды

Қазақстан тарихы, мектеп, тарихтан мобильді қосымша, БЖБ, ТЖБ, ҰБТ, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 13:07 Сурет: pixabay
Петропавл қаласындағы №1 IT-лицейдің педагог-шебері Сергей Никулин "Қазақстан тарихы бойынша тесттер" атты мобильді қосымша ойлап тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мобильді қосымша "Дүниежүзі тарихы" және "Қазақстан тарихы" пәндері бойынша БЖБ, ТЖБ мен емтихандарға дайындалуға көмектеседі.

"Менің оқушыларымның бірі тарих пәнінен қызығушылығы төмен болды. Есесіне информатиканы жақсы көретін. Бірде оған осы екі бағытты біріктіріп, смартфонға арналған қосымша ойлап табайық. Ол күрделі тақырыптарды оңай есте сақтап, өз біліміңді тексеру үшін көмекші құрал болуы керек деген едім. Жоба жүзеге асты, қазір бұл идея мыңдаған оқушы мен мұғалімнің көңілінен шығып жатыр", - дейді Сергей Никулин.

Қосымшада тарих туралы білімді ойын түрінде бекітуге көмектесетін интерактивті тапсырмалар мен тесттер бар. Қазақстан тарихы бойынша тестілеу қосымшасында 130 тақырыпқа қатысты 4 726 сұрақ енгізілген.

Қазақстан таризы, мектеп, тарихтан мобильді қосымша, БЖБ, ТЖБ, ҰБТ, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 13:07

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Сергей Никулин – "Қазақстан тарихы бойынша 4000 жауап", "Қазақстан тарихының қысқаша курсы", "Қазақстан тарихының мектеп курсы", "Қазақстан тарихы бойынша мектеп курсы" сияқты ҰБТ-ға дайындық бойынша әдістемелік құралдардың авторы.

Ол өңірге "Закрома историка" интернет-ресурсы және "Тарихшы Никулин" атты жеке сайтымен де танымал. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: