Қазақстандық студент автотұрақ радарын жасап шығарды
![Әділет Амангелдин тұрақ радарын жасап шығарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2022 14:58](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-29af5595-323d-446d-b0d2-461f9e658606/800x450.webp)
Шығыс Қазақстан университетінің студенті отандық автотұрақ радарын ойлап шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл құрылғыны жасау үшін "Информатика" мамандығының 2-курс магистранты Әділет Амангелдин жарты жыл уақытын жұмсаған. Тұрақ сенсорлары құрылғысы автомобильге арналған ультрадыбыстық сенсор арқылы жасалған.
"Көптеген автокөлік әуесқойлары тұрақ радарын жақсы біледі. Өйткені ол - автотұрақты, қоқыс жәшігін, биік жолды немесе тасталған жүкті анықтауға арналған белсенді жүргізушіге көмек көрсету жүйесі. Parktronic кедергілерді оңай байқайды және жүргізушіге дереу ескертеді".Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі
![Әділет Амангелдин жасаған радар, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2022 14:58](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-7d558d9f-02fc-4b0b-8c40-5719349c04a7/800x450.webp)
Сурет: Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі
Студенттің айтуынша, қазақстандықтарға шетелдік тауарлардан гөрі отандық тауарларды сатып алған тиімдірек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript