Сеулдегі студент Құрылтай сайлауында алғаш болып дауыс берді

Сеулдегі Корея университетінің студенті Ажар Кәрімжанова Құрылтай сайлауында дауыс берген алғашқы Қазақстан азаматы болды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 06:42 Сурет: ҚР СІМ
Сеулдегі Корея университетінің студенті Ажар Кәрімжанова Құрылтай сайлауында дауыс берген алғашқы Қазақстан азаматы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Кореядағы Қазақстан азаматтары Құрылтай депутаттарын сайлауда өздерінің конституциялық дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды.

"Мен Кореяда үш жылдан бері тұрамын, қазір Корея университетінде білім алып жүрмін. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде еліміздің болашағына қатысты маңызды қоғамдық-саяси үдерістерден шет қалмай, өз үлесімді қосуға тырысамын", – деді Ажар Кәрімжанова.

Оның айтуынша, сайлауға қатысу – тек конституциялық құқық қана емес, сонымен қатар әр азаматтың жауапкершілігі әрі азаматтық борышы.

"Біздің таңдауымыз елдің болашағына тікелей әсер етеді. Бүгін қабылданатын шешімдер Қазақстанның ертеңгі даму бағытын айқындайды. Сондықтан жастардың өз пікірін білдіріп, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуы аса маңызды", – деп атап өтті ол.

Айта кетейік, шетелдегі барлық сайлау учаскесі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері аумағында ұйымдастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: