Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2026 11:36 Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 10 тамызда "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін сайлау учаскесін қалай анықтай алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сайлау учаскесі туралы мәліметті eGov Mobile қосымшасы арқылы білуге болады.

"eGov Mobile қосымшасында сайлаушыларға қажетті негізгі ақпарат жинақталған арнайы "Құрылтай-2026" бөлімі іске қосылды. Пайдаланушылар өздерінің сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін біле алады, сайлаушы туралы мәліметтерді тексеріп, дауыс беру күніне дейін қалған уақытты көре алады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ бұл бөлімде сайлау туралы ақпарат, жаңалықтар мен іс-шаралар, құжаттар, сұрақтар мен жауаптар, ЖСН арқылы сайлау учаскесін іздеу қызметі және байланыс деректері қолжетімді.

Бұдан бөлек, сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын мына онлайн сервистер арқылы анықтауға болады:

  • www.gov.kz/sailau;
  • sailau.gov.kz;
  • sailau2026.gov.kz.

Ол үшін өз өңіріңізді таңдап, ЖСН-ді енгізу жеткілікті.

Қазақстандықтарға дауыс беруге алдын ала дайын болу үшін сайлау учаскесі туралы мәліметті ертерек тексеру ұсынылды.

Қазақстанда Құрылтай сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген. Сайлауға жеті партия қатысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: