Қазақстандықтар Ф-2 анықтамасын қайдан және қалай ала алады
Фото: gov4c.kz
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) 2025 жылдың 21 тамызында қазақстандықтар Ф-2 анықтамасын қайдан және қалай ала алатынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство Ф-2 (жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтардың (кепілде болу, тыйым салу) жоқтығы туралы анықтаманы eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында алуға болатынын атап өтті.
Анықтаманы Gov Mobile мобильді қосымшасында алу үшін:
- Авторизациядан өтіңіз;
- "Мемлекеттік қызметтер" – "Жылжымайтын мүлік және ТКШ" бөлімін таңдаңыз;
- "Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және жеке тұлғалар үшін оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат (2-Нысан)" қызметіне өтінім беріңіз;
- Анықтаманы кімге алып жатқаныңызды көрсетіңіз;
- Қажетті жолдарды толтырыңыз;
- Өтінімге қол қойыңыз;
- Қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысыңыз.
Бұған дейін оқушыны бір мектептен екінші мектепке eGov.kz порталы арқылы қалай ауыстыруға болатындығын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript