14 жасар бала SpaceX компаниясына жұмысқа шақырылды

Сурет: Instagram/thepythonkairan
Калифорниялық 14 жастағы вундеркинд Кайран Квази Илон Масктің әлемдік интернетке арнап спутник шығаратын және оны ұшырумен айналысатын компаниясына инженер-бағдарламашы болып жұмысқа шақырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маусым айында Кайран Квази Калифорниядағы Санта-Клара университетінің инженерлік мектебін бітіреді. Осыдан кейін ол SpaceX-тің спутниктік интернет тобына жұмысқа барады, деп жазды Los Angeles Times.

9 жасында қарапайым мектептің үшінші сыныбынан бірден университетке түскен Кайран Квази 10 жасында жұмысқа тұрмақ болған. Ол анасымен бірге жұмыс істеуге болатын компаниялардың тізімін жасап, сол компанияларға түйіндеме жіберген. Олардың хатына Intel компаниясы жауап қатыпты.

Жасөспірім түйіндемесін Илон Масктің корпорациясына биыл, сәуір айында жіберген. Көп ұзамай Instagram парақшасында суретін жариялап, сұхбатқа баратынын жазды. Бірнеше аптадан кейін ол сол компанияға жұмысқа шақырылғанын хабарлады.

"Өзім сияқты көптеген адамға есік аша аламын деген үміттемін", – дейді вундеркинд бала.

Баланың өзінің айтуынша, ол екі жасында таза с-йлес бастаған, ал тоғыз жасында мектептен жалығып кеткен соң ата-анасы Кайранды университетке жіберіпті.

Жақын арада Кайран анасымен бірге Вашингтон штатындағы Редмонд қаласына қоныс аударып, сонда жұмысқа кіріседі.

Ал Шымкенттегі сегізінші гимназияның 11-сынып оқушысы Адия Райымқұл әлемнің төрт университетінен оқуға шақырту алған болатын. Ол болашақты биоинженер және генетик болғысы келеді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі