"Мемлекет тарихы институты" ММ директоры жаңадан тағайындалды

Сурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі "Мемлекет тарихы институты" ММ директоры лауазымына Нұрбек Пұсырманов тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің төрағасы Д. Ахмед-Заки таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрбек Пұсырманов 2010 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін (тарих бакалавры), 2013 жылы магистратура, 2019 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде докторантурасын бітірген (PhD). 

Еңбек жолын тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әртүрлі жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің сарапшысы, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бас сарапшысы қызметтерін атқарған.

2018-2021 жылдары Астана қаласы Ішкі саясат басқармасында бөлім басшысы,

2020-2021 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Саясаттану кафедрасының доценті м.а.,

2021-2023 жылдары ҚР Оқу-ағарту министрлігі "Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" ШЖҚ РМК Ғылым жөніндегі вице-президенті болған.

24 ғылыми және 6 танымдық жарияланымдар, "Қазақстан тарихы" (сандар мен сызба-кестелерде)/2010/ атты оқу құралының авторы. "Ұлттық идея қазақстандық қоғамды топтастырудың факторы ретінде" тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады